Жаңалықтар

«Зұлмат жылдар ұмытылмайды»

Қуғын-сүргін

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушыларыСаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» атты патриоттық шараға қатысты.

Шара тарихқа көз жүгірту мақсатында ақпараттық бейнематериал көрсетуден басталды. Тыңдаушылар арасында «Ой-өріс» интелектуалдық ойыны ұйымдастырылып, спортқа бейімі барлары үстел теннисінде сынға түсті. Үздіктерге қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Қожабеков арнайы сыйлықтар табыстап, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан М.Бөкенбаев атындағы заң институтына алғысын білдірді.

Бұл күні институттың жеке құрамы Т.Ахтанов атындағы драма театрына барып, Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасын тамашалады.

Алуа ЖЕТЕСОВА,

М.Бөкенбаев атындағы заң институты ішкі және сыртқы коммуникация бөлімшесінің инспекторы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button